Қазақстан Республикасының аумағынан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынған сәттен бастап мемлекеттік кірістер органдарымен мұнай өнімдерін үшінші елдерге заңсыз әкетудің 94 фактісі анықталған, олар бойынша сотпен 1,5 млн теңгеден астам айыппұл салынып және 2 341 литр бензин мен 25 335 литр дизель отыны тәркіленді.
ЕАЭО мемлекеттерімен шекарада 63 мың литрден астам (63820 л) жанар-жағармай өнімдерін шығарудың 194 фактісі анықталды.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жоғарыда көрсетілген тыйым (31.01.2023ж.) күшіне енген күннен бастап электрондық декларациялаудың «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде мұнай өнімдерін кедендік декларациялауға жол бермеу үшін тиісті шараларды қабылдаған.
Осы шектеуге қатысты әкімшілендіру жұмыстары тұрақты негізде алты айлық тыйым салу кезеңінде жүзеге асырылады.