Қоғам • 08 Сәуір, 2023

Алматыда мопед жүргізушілері 11 млн теңгеге жуық айыппұл арқалады

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 наурыз бен 3 сәуір аралығында Алматыда тәртіп сақшылары 1555 мопедшінің атына 10 729 500 теңге айыппұл жазды, деп хабарлайды Egemen.kz  Kolesa.kz. сайтына сілтеме жасап.

Алматыда мопед жүргізушілері 11 млн теңгеге жуық айыппұл арқалады

Жергілікті полиция департаменті негізінен Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша хаттама толтырған:

  • 593-бап. Шлемсіз мопед жүргізу және жолаушы тасымалдау. Айыппұл мөлшері – 5 АЕК немесе 17 250 теңге;
  • 596-бап. Мопедпен жүруге тыйым салынған жолақпен қозғалу. Айыппұл мөлшері – 15 АЕК немесе 51 750 теңге.

Ал жол ережесін бұзған самокатшылар 2 АЕК немесе 6900 теңге айыппұл төлейді.

Сонымен қатар түрлі ереже бұзған 173 мотоциклші қала қазынасына жалпы үш миллион теңге құятын болды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, тексеріс әрі қарай да жалғасады.