Қоғам • 09 Сәуір, 2023

Қызылордада соққыға жығылған жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында 5 оқушы ұрып-соққан жасөспірімнің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада соққыға жығылған жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

Әлеуметтік желіде жасөспірімді белгісіз азаматтардың ұрып-соғып жатқаны бейгеленген видео жарияланған еді. Осы мақсатта Қазалы аудандық полиция бөлімі қосымша тексеру мен әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізді.

Жасөспірімді ұрып-соққан 5 оқушы анықталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Жарақат алған жасөспірімнің жағдайы жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы айтып берді.

6 сәуірде сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысы Қазалы ауданында 15 жастағы жасөспірім жедел жәрдем бригадасы арқылы аудандық көпбейінді орталық ауруханасына жеткізілген.

«Аурухананың қабылдау бөлімінде тексеріліп, бас ми соғылу клиникасымен хирургия бөліміне жатқызылған. 8 сәуірде сағат 10:35-те ата-анасының өтінішімен Қазалы аудандық теміржол ауруханасына ауыстырылды. Тиісті медициналық көмек ұйымдастырылды. Бас сүйегінің рентгенографиясы, компьютерлі томографияға түсірілді. Сондай-ақ іш қуысының, бүйрек ультрадыбыстық зерттеулері жүргізілді. Невролог, окулист мамандары науқастың   денсаулығын тексерді. Жалпы жағдайы тұрақты. Облыстық медициналық авиация арқылы сала мамандарынан кеңес алынып, еміне коррекция жасалды. Қазір науқас дәрігерлердің бақылауында», деді басқармадан.