Жоба • 09 Сәуір, 2023

Саяхатшыларға арналған жоба

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрлыхан Маратов пен 8-сынып оқушысы Темірлан Темірбаев туристерге арналған мобильді қосымша ойлап тапты.

Саяхатшыларға арналған жоба

Мобильді қосымша «Discover Abai» деп аталады. Қосымша жайлы саяхатқа жол ашады әрі туристерге жаңа жерлерді кө­ріп, қазақ тілін үйреніп, жер­гілікті мәдениетпен танысуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, оқу­­шылар дәл осы қосымшаны рес­пуб­ликалық хакатонда қорғап, бас жүлде иеленген.

Қазақ, орыс және ағылшын тілінде қолдану мүмкіндігі бар қосымшаға кез келген адам тіркеле алады. Пікір қалдыру, кері байланыс, басқа профильдерді қарау мүмкіндіктері де қарас­тырылған. Туристерге ыңғайлы болу үшін қосымшаға карта орналастырылған: пайдаланушы белгілі бір объектінің орналасқан жерін оның мекенжайын басу арқылы біле алады. Туристер үшін қазақ тілі сабақтары, Абай облысынан шыққан белгілі тұлғалардың өмірбаяндары, ұлы Абайдың өлеңдері ұсынылған.

– Жобаның клиенттік бөлігі «React Native» кітапханасын қол­дана отырып, «JavaScript»-те жасалған. Ал оның артықшылығы «JavaScript»-тегі код «Android» және «iOS» жүйелерінде жұмыс іс­тейді. Яғни әр амалдық жүйе үшін бөлек код жазудың қаже­ті жоқ. Сонымен қатар техно­логияның бұл жиынтығы жобаны масштабтауды және сынауды жеңілдетеді, – дейді Темірлан.

Алдағы уақытта қосымша жетілдіріліп, платформалардың барлығына жүктелмек.