Қоғам • 10 Сәуір, 2023

БҚО-да мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға Атырау-Орал тасжолындағы Круглоозерное ауылының маңында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жолдың белгіленбеген жерінен өткен 33 жастағы ер адамды қағып кетті.

Көлік жүргізушісінің каннабиоидтарды (марихуана) қолданғаны анықталды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.