Аймақтар • 11 Сәуір, 2023

Атырауда 16 жастағы қыз суицид жасады

545 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда бес күн бұрын үйінен шығып, белгісіз бағытта кеткен 16 жастағы Әсемай Қазбекованың өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 16 жастағы қыз суицид жасады

Жергілікті сайт мәліметінше, 2007 жылы туған қыз 6 сәуірде жоғалып кеткен. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, құтқарушылар мен еріктілер жұмылдырылған. Өкінішке қарай, іздеу нәтижесіз болған.

10 сәуірде кешке жоғалған қыздың көпірден секіріп, суицид жасағаны белгілі болды. Бұл суыт хабарды іздеу жұмыстарына қатысқан ерікті Сандуғаш Кукенова Facebook-парақшасында хабарлады. 

«Бейнебақылау камерасына Әсемайдың көпірге шығып бара жатқан сәті түсіп қалған. Әрі қарай не болғанын біле алмадық. Жеке тұрғын үйде тұрған камерадан көреміз бе деп ойладық, алайда үй иесі бірнеше күн бойы үйінде болмады. Бүгін ол үйіне келген кезде қыздың әкесі камераға түсіп қалған видеоны көрді. Өкінішке қарай, ол жерде Әсемайдың көпірден секірген сәті видеоға түсіп қалған», деп жазды ол.