Бұған дейін Мемлекет басшысы Рахмоновты Ақордада қабылдаған еді. Сонымен қатар Шавкат Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында Президентпен не жайлы сөйлескенін айтты.
«Біз бір-бірімізді енді ғана жақсы білдік. Мен көп сұрақ қойған жоқпын, өйткені онымен бірінші рет кездесіп отырмын. Біз Президентпен UFC-ді қазақстандық телеарналарда көрсету мүмкіндігін талқыладық. Менің жекпе-жегім болсын, басқа жігіттердің додасы болсын. Жанкүйерлер өте ұзақ күтті. Бірақ біздің арналардан жекпе-жек көрсетілмеді. Трансляциялар бар, бірақ оларды әркім сатып ала алмайды. Теледидарымыздан көрсетілсе дұрыс болатынын айттық», деді Шавкат.
Рахмонов UFC басшысы Дана Уайтпен де осындай диалог жүргізген еді.