«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республиканың басым бөлігі жоғары қысымды аумақта болады, соған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.
Ауа райы болжамына сәйкес, тек республиканың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын күтіледі.
«Республикада жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – найзағай, бұршақ, батыста – шаңды дауыл, түнде және таңертең солтүстік-батыста, орталықта – тұман күтіледі», деп хабарлады синоптиктер.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус аяз күтіледі.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз +11+13°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +15+17°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +23+25°С.