04 Шілде, 2014

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданына әкім тағайындалды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ArmanӨСКЕМЕН. 4 сәуір. Президент әкімшілігінің келісімімен және Шығыс Қазақстан өңірінің басшысы Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Арман Бекбосынов Глубокое ауданының әкімі  болып тағайындалды. Бұл туралы еgemen.kz тілшісі хабарлады. Арман Бекбосынов – Өскемендегі жол-құрылыс институтын бітірген. Ұзақ жылдар көлік және коммуникация саласында жауапты қызметтерде болды. 2008, 2009 жылдары Көлік және коммуникация министрлігі стратегиялық жоспарлау және көлік-коммуникация кешенін дамыту департаменті автожолдарды дамыту басқармасының басшысы, 2009, 2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы, 2010-2013 жылдар аралығында Катонқарағай ауданының әкімі қызметтерін атқарған. Ал 2013 жылдың тамыз айынан осы тағайындауға дейін «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып келді. Думан Анаш. Дереккөз: еgemen.kz. Фото: еgemen.kz.