Президент • 12 Сәуір, 2023

Ғылым саласын тұрақты қаржыландыруға бағытталған заң жобасы әзірленеді

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы ғылым саласын тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін арнайы заң жобасы қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғылым саласын тұрақты қаржыландыруға бағытталған заң жобасы әзірленеді

«Университеттерді тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін мақсатты капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы заң жобасын әзірлеген жөн. Ғылымды қаржыландыру көздерін көбейтуге, соның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың өндіріске жұмсайтын қаржысының 1 пайызын ҒЗТКЖ-ға міндетті инвестиция ретінде құюына айрықша назар аудару қажет. Бұл ретте өндіруші компаниялардың аталған шығындарын орталықтандыруды жалғастыру керек. Бұл орайда аталған қаражат тағы бір салық түрі ретінде қабылданбауға тиіс. Бұл – өте маңызды», деді Президент

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы ғылыми зерттеу институттарын бәсекеге қабілетті етуді тапсырды.

Осы орайда жер қойнауын пайдаланушылар, соның ішінде «Самұрық-Қазына» қоры қаржыландыратын зерттеулерді ғылыми-техникалық саясаттың басымдықтарымен үйлестіру үшін тиісті шаралар қабылдау қажет. Олардың ҒЗТКЖ жүргізу тәртібін жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары үшін ашық, бәсекелі әрі қолжетімді ету керек. Барлық процесс мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан өткізіліп, ғылыми-техникалық кеңестерде қаралуға тиіс», деді Мемлекет басшысы.