Энергетика • 12 Сәуір, 2023

АЭХА сарапшыларының бағасы

302 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Әлем бойынша 27 ел атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін қарастырып жатса, соның ішінде 17 ел бірінші АЭС-ті салу жөнінде шешім қабылдау сатысында тұр. Ал 10 мемлекет өз шешімдерін қабылдап, жақын арада бірінші атом электр стансасын салуға кіріспек. Осы ретте таяуда Үкімет өтініші бойынша Астана қаласында Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) сарапшылары бас қосып, еліміздің ядролық-энергетикалық инфрақұрылымды дамытудағы прогресін бағалады. Төрт күнге созылған басқосуда 2016 жылы өткізілген INIR миссиясының ұсыныстары мен ұсынымдарын орындаудағы еліміздің жеткен жетістіктері мен ақпараттық алмасудағы шешілмеген мәселелерді нақтылауға мүмкіндік берді.

АЭХА сарапшыларының бағасы

Аталған агенттіктің сарапшылары «Негізгі кезеңдер» тәсілінің бірінші кезеңінде өлшемшарттарды пайдалана отырып, ядролық инфрақұрылымды дамыту жай-күйіне шолу жасап өтті. Атом электр стансасын қарастырудағы дайындығы мен құрылысына ұсынымдар жан-жақты қамтылып, бірінші кезең­де­ елдің ядролық энергетикалық бағ­­дар­­­ламаға қатысты негізделген мін­дет­­­темелерді қабылдау дайындығы бағаланғаны бар. Үдеріске қол жеткізген INIR миссиясының командасы ядро­лық­ энергетикалық бағдарламаны үйле­с­­тіруде атом электр стансасын қаржыландыруды, апаттық жағдайға қарсы жоспарлау және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу бойынша­ ұсынымдарды еліміз толығымен орын­да­ғанын атап өтті.

АЭХА делегациясының сарапшысы және басшысы Мехмет Джейхан басқосудың соңғы күнінде Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовке follow-up-миссиясының нәтижелері жөнінде баяндаманың алдын ала жобасын табыс етті. Жиын барысында вице-министр атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдалануды қамтамасыз етуде АЭХА рөлін жоғары бағалап, INIR миссиясының Қазақстанға және атом энергетикасын дамытатын өзге де елдер үшін маңыздылығын атады.

«Қазақстан INIR миссиясының 2016 жылы жасаған ұсыныстар мен ұсы­ным­дар­ды орындауда айтарлықтай прогрес­ке­ қол жеткізді. Осы күш-жігердің бар­лығы Қазақстан Республикасының Үкі­метіне ядролық энергетикалық бағ­дарламаны іске асыру туралы ше­шім қабылдауда одан әрі қолдау көр­се­те­ді»,­ деген болатын Атом энергетикасы­ жөніндегі халықаралық агенттігі Ядро­­лық инфрақұрылымды дамыту секция­сы­ның ядролық инженері Мехмет Джейхан.

«Қазақстан атом энергиясын бейбіт мақ­­сатта пайдалануды дамытудағы АЭХА­ рөлін жоғары бағалайды және біздің ядролық энергетикалық бағдар­ла­ма­мыздың қауіпсіздіктің ең жоғары стан­дарттары мен озық халықаралық тәжі­рибелерге сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабыл­дайды. INIR миссиясын қабыл­дай­ отырып, еліміз өзінің ядролық инфра­құрылымының дайындығына ныса­налы кәсіби бағалауға мүдделі еке­нін көрсетті. INIR миссиясы біздегі атом­ энергетикасын дамытуға қажетті инфра­құрылымның қолжетімділігін жақсар­ту­ды­ және қамтамасыз етуді талап ететін сала­лар мен бағыттарды айқындау үшін­ құнды құрал болып табылады», деді­ Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.

«Атом бейбітшілік пен даму үшін» ұранымен әрекет ететін БҰҰ жүйе­сі­нің халықаралық ұйымы ретінде кеңі­нен танымал Атом энергетикасы жөнін­дегі халықаралық агенттіктің ядро­лық саладағы ынтымақтастықтың халық­ара­лық­ орталығы ретінде әрекет етіп, өзінің 176 мүше мемлекетімен және бүкіл әлем бойынша серіктестерімен бірлесіп, ядролық технологияларды қауіпсіз, сенімді және бейбіт пайдалануға жәрдемдесу бойынша жұмыс жүргізуде. Көптеген ел атом энергетикасын өзде­рі­нің ұлттық энергетикалық балансын­а тұрақ­ты электр көзі ретінде қосуды қарас­тырады. Қауіпсіз, сенімді және тұ­рақты ядролық энергетикалық бағ­дар­лама үшін тиісті инфрақұрылым мұқият жоспарланып, дайындалуы керек­ және ұзақмерзімді міндеттемелерді талап етеді. Ядролық энергетикалық бағ­дар­­ламаны іске қосуды жоспарлауда­ да­йын­дықты және уақытты, қаржы инс­ти­туттары мен адам ресурстарын инве­с­­тициялауды қажет ететін үлкен шара. Бұған 10-15 жылдық дайындық жұмыс­тары және шамамен 100 жылдық мін­деттеме кіреді. Атом энергетикасын­ табысты енгізу немесе кеңейту үшін инфрақұрылымды дамыту ұлттық институттарды құру, нормативтік-құқықтық базаны құру, кадрлық және қаржылық стратегияларды әзірлеу, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу мәселелерін шешу және мүдделі тараптарды тарту сияқты іс-шараларды талап етеді.

АЭХА-ның «Ядролық энергетиканың ұлттық инфрақұрылымын дамыту кезеңдері» басылымында жаңа ядролық-энергетикалық бағдарламаны әзірлеу кезінде шешілуі керек инфрақұрылымға байланысты 19 мәселе қарастырылып, онда мемлекеттік ұстаным, ядролық қауіпсіздік, басқару, қаржыландыру, құқықтық база, кепілдіктер, реттеуші база, радиациялық қорғаныс, электр же­лісі, адам ресурстарын дамыту, мүд­­­делі тараптарды тарту, алаң және қос­­алқы нысандар, қоршаған ортаны қор­ғау,­ төтенше жағдайларды жоспарлау, ядро­лық отын циклі, радиоактивті қал­дық­тармен жұмыс істеу, өнеркәсіптің қатысуы және сатып алу енгізілген.

«Атом энергиясы жөніндегі халық­ара­лық агенттіктің (МАГАТЭ) Ядро­лық­ инфрақұрылымды кешенді шолу тобы­ (INIR) Қазақстанда наурыз айы­ның­ 28-і мен 31-і аралығында өткен төрт­ күндік миссиясын аяқтады. 2016 жылы­ жүргізілген INIR миссиясының ұсы­нымдары мен ұсыныстарын орын­дау­дағы елдің ілгерілеуіне баға берді. Мис­сия жұмысы барысында отандық сарап­шылар тарапынан 12 ұсыным мен­ ұсыныс әзірленді, ал 10-ы бойын­ша жұмыс жалғасуда. МАГАТЭ сара­п­шылары еліміздің бұдан алдыңғы мис­сияның ұсыныстарын орындауда ілгері­леушілікке қол жеткізгенін атап өтіп,­ миссияның жұмысы туралы есеп жоба­сы Энергетика вице-министрі Ж.Нұрмағанбетовке жолданды.

Соңғы нұсқа миссия аяқталғаннан кейін 2 аптадан соң ұсынылады. Миссия есебінің негізінде Ұлттық іс-қимыл жоспары, Кешенді жұмыс жоспары, сонымен қатар еліміздің ядролық инфрақұрылымының сипаттамасы жаңартылатын болады», деген пікірін білдірді Халықаралық дәрежеде өткен миссия барысында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин.