Әлем • 13 Сәуір, 2023

Тунис пен Сирия 11 жылдан кейін елшіліктерін қайта ашады

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тунис пен Сирия екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін елшіліктерін қайта ашу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы сәрсенбі күні Тунис Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Тунис пен Сирия 11 жылдан кейін елшіліктерін қайта ашады

«Президент Кайс Саидтың Сирияға Тунис елшісін тағайындау туралы бастамасына жауап ретінде сириялық тарап бұл тағайындауды мақұлдады», делінген СІМ хабарламасында.

Сирия жағы да Тунисте өз елшілігін ашуға және елші тағайындауға шешім қабылдады.

Екі елдің сыртқы істер министрлері Тунис пен Сирия арасындағы қалыпты қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін консультациялар мен әрекеттерді үйлестіруді жалғастырады.

Мәлімдемеге сәйкес, тараптар Тунис пен Сирияны біріктіретін бауырластық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастық құндылықтарын қолдауға тырысады.

Тунис Сирияда азаматтық соғыс басталғаннан кейін 2012 жылдың ақпанында Сириямен дипломатиялық қарым-қатынасын үзген еді.