Аймақтар • 14 Сәуір, 2023

Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа-райына байланысты Алматының таулы аймақтарында тас құлау, қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар

Жергілікті ТЖД мәліметінше, қауіпті аймаққа кіруді шектеу үшін блок-бекеттер қойылған.

«Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» тұрғындарға тауға шықпауға кеңес береді, өйткені қар көшкіні жүру қаупі бар», делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, мүдделі ұйымдар таулы жерлерге халықтың кіруін шектеу бойынша шаралар қабылдауы қажет.