16 сәуір күні таңертең елордада қар күреу жұмысына 2,2 мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылған.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қарқыны жоғары көшелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады.
16 сәуірге қараған түні қаладан полигондарға 24 мың текше метрден астам қар немесе 2 134 ауыр жүк көлігіне тең қар шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бері коммуналдық қызметтер қаладан 315 мыңға жуық жүк көлігін шығарды, бұл шамамен 4 млн текше метр. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, кешкі және түнгі уақыттарда күшейтілген тәртіпте жүріп жатыр.