18 сәуір Петропавл полиция басқармасының кезекші бөліміне Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі үйдің терезесінен 5-қабаттан 67 жастағы әйел құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Қазір істің мән-жайын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.