– Қазіргі уақытта жанармай құю стансаларының қорларында дизель отыны – 1527,3 тонна (тәуліктік қажеттілік 348 тонна, 6 күнге), АИ-92 – 2711,1 тонна, (тәуліктік қамтамасыз етілуі 7-8 күн), сондай-ақ, АИ- 95 маркалы бензин – 2150,9 тонна. Бүгінгі күні 52 ЖЖМ стансаларында дизель отыны тапшы. Жанар-жағармайдың шекті бағалары бекітілгеннен кейін, облыста барлық жанар-жағармай құю стансалары өткен көлем қалдықтарын сатуға байланысты жаңа баға дәлізіне көшкен жоқ. Мысалы, Кеген ауданында дизель бағасы 230 теңге күйінде болса, Қарасай, Жамбыл аудандарындағы «Qazaq Oil» және «GASENERGY» желілік жанармай құю бекеттерінде бұрынғы бағамен сатылуда. Жанар-жағармай құю стансалары шаруашылық субъектілер болғандықтан, оның иелері шекті бағаларды ескере отырып, ЖЖМ бағасын көтеру туралы шешімді өздері қабылдайды, дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, сауда дамыту бөлімінің басшысы Әділ Әбілдаев.
Бас маманның мәліметінше, АИ-92 маркалы бензин бағасының өсуі Кеген және Райымбек ауданынан басқа барлық өңірлерде 202 теңге болып белгіленген.