Есірткі • 20 Сәуір, 2023

Талдықорған тұрғынынан 2,5 келіге жуық есірткі тәркіленді

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу полицейлері арнайы операция жүргізіп, заңсыз айналымнан 2,5 келіге жуық гашиш тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорған тұрғынынан 2,5 келіге жуық есірткі тәркіленді

фото: ҚР ІІМ

Облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, есірткі 46 жастағы ер адамға тиесілі жеке үйдің жерқоймасынан табылды.

Ұсталған ер адам бұрын жауапқа тартылмаған және жақында ғана полицияның назарына ілікті. Рұқсат етілген тінту кезінде оның үйінен полиэтилен пакетке салынған салмағы 2 келі 478 грамм есіркті табылды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымнан 28 келі есірткі тәркіленді. Олардың ішінде 21 келіден аса марихуана, 4 келіден аса гашиш және 2 келі 40,59 грамм «синтетика» бар.