Экология • 20 Сәуір, 2023

Бурабайда «Парктер шеруі-2023» акциясы өтіп жатыр

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ПІБ «Бурабай» ұлттық паркінде дәстүрлі «Парктер шеруі-2023» табиғатты қорғау акциясы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бурабайда «Парктер шеруі-2023» акциясы өтіп жатыр

Сәуір айының басынан бері саябақ қызметкерлері орманда құстарға арнап 98 үйшік орнатты. Одан бөлек, өзен-көлдердің жағалауында жасанды 52 ұя жасалды.

Орман инспекторлары халықтың қоршаған орта туралы танымын кеңейтіп, экологиялық білім беруді қолға алғанына да тоқтала кеткен жөн. Атап айтқанда, мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің арасында табиғатты қорғау тақырыбындағы қызықты викториналар өтіп жатыр. Ал қорықшылар жастарға орман қызметінің қызығы мен қиындығы жайлы әңгімелеп берді.

п

Күн жылына келе жергілікті халықты экологиялық сенбілікке шақыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ балғын қылқалам шеберлерінің арасында табиғат тақырыбында сурет байқау өтпек. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған осы тектес іс-шаралар үш ай бойы өтеді.

Мемлекеттік табиғи қорықтар, ұлттық парктер, табиғи резерваттар жыл сайын өткізетін дүниежүзілік «Парктер шеруі» акциясының тарихы өткен ғасырдың орта шенінен басталады. Ауқымды іс-шара  халықтың, қоғамның, билік өкілдерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының және кәсіпкерлердің назарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзекті мәселелеріне аударуға бағытталған.

пр