Атырау облысында шаңды дауыл жиі көтеріледі. Қала тұрғындары бүгін де табиғи құбылыстың куәгері болды.
Кеше, 20 сәуірде өңір тұрғындарына 112 қызметінен шаңды дауыл болатыны туралы хабарлама жолданған еді.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
«Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні – 17-22 м/с. Атырау қаласында кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.