Бокс • 22 Сәуір, 2023

Қазақстан боксшысы WBC белдігіне ие болды

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан боксшысы Дәулет Дәукенов 11-2, 5 КО) Чехияның Оломоуц қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, кезекті жеңісіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан боксшысы WBC белдігіне ие болды

Бұл жолы Дәулет Дәукенов никарагуалық Робин Саморамен (19-19, 9 КО) жұдырықтасты.

Кездесу 8 раундқа есептелген. Боксшылар ТМД бокс бюросы, славян және балтық елдерінің екінші дәрежелі WBC белдігін сарапқа салды. Кездесу қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Дәулет Дәукенов кәсіби бокс мансабында 12-ші жеңісіне қол жеткізіп, екінші дәрежелі WBC белдігін жеңіп алды.

Ал Робин Самора кәсіби рингте 20-шы рет жеңілді.