09 Шілде, 2014

Шығыс Қазақстан мен Ресейдің Алтай өлкесі бірлесе жұмыс істеуге мүдделі

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
shko-altaiАСТАНА. 9 шілде. Шығыс Қазақстан облысы мен Ресейдің Алтай өлкесі шекаралас кеңістіктің ерекшеліктерін пайдалана отырып, бірнеше бірлескен жобаларды қолға алуды жоспарлауда. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Тараптар бірлесе жұмыс істеу үшін алдымен бірқатар мәселелер бойынша зерттеу жүргізуді қажет деп есептейді. Сол үшін шекаралас аудандардағы жағдайдың даму серпінін көруге мүмкіндік беретін бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін құру және өңірлік және өңіраралық өткір проблемаларды анықтайтын құрылымдық-функционалдық талдау жүргізу істері шешімін табуы тиіс. Осы айтылған жағдаяттарды басшылыққа ала отырып Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы мен Алтай өлкесінің баспа және ақпарат басқармасы арасында, сондай-ақ, «Шығыс Қазақстан облысы талдау және болжау институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Алтай мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастық пен бірлескен жұмыс туралы меморандумға қол қойылды. Шығыс Қазақстан облысы талдау және болжау институтының директоры Олег Чернышев: «Түрлі салалар, түрлі мәдениеттер, этникалық, діни топтар өкілдері мен азаматтық қоғам және мемлекеттік құрылымдар арасындағы мәселелер өзекті күйінде қалып отыр. Тұрақты қоғамдық-саяси жағдайды қалыптастыру және қолдау үшін саланы зерттеу және оны уақтылы талдау  аса маңызды», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: aikyn.kz.