АСТАНА. 9 шілде. Соңғы 6 айдың ішінде еліміз бойынша egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы 17,4 млн. жуық электрондық қызмет көрсетілген. Бұл туралы i-news.kz хабарлады.
Электрондық үкімет тарапынан ұсынылған қызметтердің ішінде жылжымайтын мүлікке (2,9 млн. анықтама) және зейнетақы аударымдарына қатысты (2,4 млн. анықтама) анықтамалар алуға көп сұраныс болған.
Бұдан бөлек, egov.kz арқылы балабақшадан кезек алу үшін 100 мыңнан астам адам портал қызметіне жүгінсе, 32 жұп некелерін тіркеуге электрондық өтініш берген.
Портал арқылы электрондық төлемдерді қабылдау саны да артуда. Мәселен, алғашқы 6 айда 924 млн. теңге көлемінде түрлі төлемдер портал арқылы тиісті есеп-шоттарға аударылған.
Сонымен қатар, бірінші жартыжылдық бойынша egov.kz-ге 727 мың жаңа пайдаланушы тіркелген. Олардың 16,5 мыңы заңды тұлғалар.
Қазіргі таңда еліміздің үкіметтік egov.kz порталында барлығы 570 электрондық қызмет пен интерактивті сервис қызметі қолжетімді.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың маусым айында жарияланған электрондық үкімет дамуының деңгейі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингінде еліміз 193 елдің арасында 28-орынға ие болды. Осының арқасында республикамызға электрондық үкімет бойынша жаһандық форум өткізуге құқық берілді. Бұл жиын 2014 жылдың 6, 7 қазанында елордада өтеді деп күтілуде.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: i-news.kz.
Фото: diapazon.kz.
• 09 Шілде, 2014
Электрондық үкімет порталының қызмет көрету деңгейі артып келеді

Алматыда жеткізу қызметтеріне талап күшейеді
Қоғам • Бүгін, 23:48
Қарағандыдағы тау-кен кәсіпорнына 4 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды
Қоғам • Кеше
Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Кеше
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Кеше
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Кеше