Қоғам • 24 Сәуір, 2023

2025 жылға қарай барлық ауыл сумен қамтамасыз етіледі

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет басшысының төрағалығымен өткен кеңесте Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Азамат Бейісбеков баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2025 жылға қарай барлық ауыл сумен қамтамасыз етіледі

Азамат Бейісбеков 2029 жылға қарай республикада 147 мыңға жуық жұмыс орнын құру арқылы жалпы сомасы 33 триллион теңгеден асатын 800-ден астам инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отырғанын баяндады. Оның ішінде 22,1 мыңға жуық жұмыс орнын құру арқылы жалпы құны 3,1 триллион теңгені құрайтын 122 жоба қосылған құны жоғары тауарлар шығаруға бағытталған. Бұл – машина жасау, құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп және металлургия салаларындағы жобалар.

Оның айтуынша, бүгінде еліміз бойынша орташа есеппен коммуналдық желілердің 51%-ның тозығы жеткен. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдар қажеттіліктерді ескере отырып, коммуналдық инфрақұрылымды салу мен күрделі жөндеудің өңірлік жоспарларын әзірлейді. Әртүрлі қаржыландыру көздері есебінен 2029 жылға қарай коммуналдық желілердің тозу деңгейін 40%-ға дейін төмендету жоспарлануда.

Сондай-ақ ол бүгінгі таңда 4 900 ауыл сумен жабдықтау қызметтерімен қамтылғанын атап өтті. 2025 жылдың соңына дейін қалған 1 395 ауылдың мәселесі шешіледі. Бұл сумен қамтамасыз етудің еліміз бойынша көрсеткішін 100%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. 

Вице-министр қазіргі уақытта республикалық маңызы бар қалаларда халықаралық тәжірибені ескере отырып, ғимараттардың сыртқы келбетінің бірыңғай сәулеттік стилін, аумақтарды көгалдандыру мен абаттандыруға қойылатын талаптарды сақтауды қамтамасыз ететін кешенді дизайн-жобаларды әзірлеу басталғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25