24 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының батысында найзағай, тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Көкшетау қаласында 24 сәуірде жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.
Астана қаласында 24 сәуірде жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15 метр болады.
24 сәуірде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, шығысында тұман болады.
24 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай болады. Облыстың оңтүстік-шығысында шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метр. Петропавл қаласында 24 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады түнде екпіні секундына 15-20 метр, күндіз күші 15-20, екпіні секундына 23 метр.
24 сәуірде түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 метр. Атырау қаласында 24 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-18 метр.
24 сәуірде түнде Қостанай облысының шығысында, солтүстігінде найзағай болады. Түнде облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр.
24 сәуірде күндіз Павлодар облысының шығысында, орталығында найзағай болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Павлодар қаласында 24 сәуірде күндіз найзағай болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.
24 сәуірде Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады.
24 сәуірде Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метр. Семей қаласында 24 сәуірде оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15-18 метр.
24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метр. Өскемен қаласында 24 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-18 метр.
24 сәуірде Түркістан облысының тауларында найзағай болады. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 метр.