Қоғам • 24 Сәуір, 2023

Сот психологтарын даярлау маңызды - Айман Омарова

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен зорлық-зомлыққа қарсы қылмыстарға қарсы күрес тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот психологтарын даярлау маңызды - Айман Омарова

Ұлттық комиссия сот-психологтар, балалардан жауап алу әдістері және жеке полиция бөлімдері, жыныстық зорлық-зомбылықпен күресу бойынша мәселелерді қарастырды.

Айман Омарова осы саладағы мамандарды дайындау және кәсіби білім беруге қатысты пікір білдіріп, сот психологтарының болуы маңызды екенін айтты. Әрі Ұлттық комиссия өкілдері сот-психологтарды даярлау үшін оқу курсын дайындайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, ол зорлық-зомбылық мәселесін де көтерді.

«Ең үлкен мәселе – зорлық-зомбылыққа қарсы қылмыстық істерді тергейтін полиция бөлімшелерінің жоқтығы. Көбіне бұндай істер дәлелдемелердің дұрыс емес уақытта алынуынан, сараптама уақытында тағайындалмауынан және осыған ұқсас себептермен тоқтатылады. Сондықтан біз зорлық-зомбылыққа қатысты істерді тергейтін жеке департаменттер құруды ұсынамыз», деді спикер.

Тағы бір маңызды ұсыныс - кәмелетке толмағандарды жауапқа алу әдістемесін әзірлеу.

«Құжатты теоретиктер емес, оны іс жүзінде жасайтын адамдар әзірлеуі керек. Өйткені жас балалардан жауап алған кезде олар 10 рет: «Зорладыңыз ба, зорламадыңыз ба?» деп сұрайды. Кішкентай балаға үлкендермен жиі қойылатын сұрақты қоюға болмайды», деді ол.

Адвокат Айман Омарова мұндай жағдайларда сот-медициналық сараптаманы сауатты жүргізу қажеттігін алға тартты.

Қорытындылай келе, Айман Умарова Ұлттық комиссия балалар құқықтары жөніндегі омбудсмендерді оқытуды да дайындайтынын айтты.