Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның экономикасы мен қаржы секторындағы ахуал, іскерлік белсенділіктің жақсаруы, депозит нарығының динамикасы, сондай-ақ БЖЗҚ-ның, Ұлттық қордың активтері мен алтын-валюта резервтерінің жағдайы туралы баяндады.
Ай сайынғы және базалық инфляцияның төмендегенін және реттеушінің бұған дейін жасаған болжамдарына сәйкес келіп отырғанын жеткізді. Сонымен қатар инфляция деңгейі әлі де жоғары күйінде қалып отыр. Бұл қазіргі ақша-кредит шарттарын сақтауды қажет етеді.
Сондай-ақ Ғалымжан Пірматов жедел төлемдер жүйесінің дамуы және цифрлық теңгені енгізуге дайындық барысы туралы мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.