Петропавл қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін жылыту маусымы ресми аяқталғанымен бұл процесс кезең-кезеңімен жүргізіліп, шамамен 10 күнге созылады.
Ең бірінші кезекте жылудан көпқабатты үйлер ажыратылады. Балабақшалар, білім беру ұйымдары мен медициналық мекемелерге кезек кейін жетеді.
Жылыту маусымын аяқтау туралы шешім ауа райының тұрақталуына байланысты қабылданады. Ол үшін орташа тәуліктік температура 3 күн бойы +10 градустан төмен болмауы тиіс.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Петропавлда алдағы үш күнде ауа температурасы +23 градусқа дейін жылынады. Жауын-шашын күтілмейді.