Ауа райы • 25 Сәуір, 2023

Аяз, жаңбыр, найзағай: 26 сәуірге арналған ауа райы болжамы

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 26 ​​сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аяз, жаңбыр, найзағай: 26 сәуірге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» синоптиктері ұсынған мәліметке сәйкес, республиканың батысында атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

«Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, күндіз жаңбыр жауады», делінген хабарламада.

Республика бойынша оңтүстікте, оңтүстік-батыста және батыста – шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстікте, Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде 2-7 градус аяз сақталады.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, бірақ жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +22+24°С.