Аталған тұжырымдаманың көмегімен отын-энергетикалық ресурстарды тұтынудың көлемін азайту мен оны тиімді пайдалануды жолға қою арқылы Қазақстанның ІЖӨ-де энергия сыйымдылығын төмендету көзделген.
Аталмыш бастаманы іске асырудың нәтижесінде өнеркәсіптің басым секторларында өнім өндірудегі энергия ресурстарының шығыны төмендеп, бюджеттік секторда, ТКШ-да және көлік секторында энергия тұтыну мөлшері біршама азаяды деп болжанып отыр.