10 Шілде, 2014

Жеке құрам қызметіне – оң баға

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров «Орталық» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері базасында өткен Ұлттық ұланның командалық құрамының оқу-методикалық жиынына қатысты. Аталған шара аясында Ұлттық ұлан Әскери кеңесінің мәжілісі өтіп, оның барысында қызметтік-әскери жұмыстардың негізгі қорытындылары шығарылды және алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалды. Мәжілісте Қ.Қожамжаров Ұлттық ұланның қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз етудегі рөлін атап көр­сетті. Оларға өз қызметтерін ары қа­рай жетілдіру бойынша тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, Ұлттық ұлан бөлімше­ле­рінің күштер мен құралдарды жедел-қызметтік қолдану ауданына жеткізудегі, сонымен қатар, парашютті-десанттық және әскери барлау топтарының прак­тикалық іс-қимылдары көрсетілді. Жиын қорытындылары бойынша Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік  Кеңес­інің хатшысы тарапынан «Орта­лық» өңірлік қолбасшылығының жеке құ­ра­мының іс-қимылына оң баға берілді.