Қоғам • 26 Сәуір, 2023

ЕАЭО елдері несиелік тарих бойынша ақпарат алмасу жөнінде келісімге келді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары бүгін жалпы отырыста ЕАЭО шеңберінде несиелік тарих бойынша мәлімет алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЕАЭО елдері несиелік тарих бойынша ақпарат алмасу жөнінде келісімге келді

Келісім кредиттік есептермен трансшекаралық алмасу тәртібін және берілетін ақпараттың тізбесін айқындайды. Мұндай ақпаратқа кредиттік есепті ұсыну туралы сұрату, кредиттік тарих субъектісінің келісімі, кредиттік есептің өзі, сондай-ақ кредиттік тарихты дауласуға қатысты құжаттар жатады.

Келісім шеңберінде ЕАЭО барлық елінің резиденттеріне басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан банктерде несиелік ресурстарға өтініш берген кезде тең жағдайлар жасалады. Ол резиденттерге несие беру бойынша шешімдер қабылдау кезінде тәуекелдерді сапалы бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ЕАЭО шеңберінде трансшекаралық кредиттеуді дамытуға ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10