АСТАНА. 10 шілде. Шымкент қаласында «Евро Кристалл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шыны бұйымдарын шығаратын зауыты іске қосылды. Бұл туралы ontustik.gov.kz хабарлады.
Жалпы құны 2,3 млрд. теңгеге бағаланған бұл жоба еліміздің Индустрияландыру картасы шеңберінде іске асып отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев: «Елімізде шыны шығаратын екі кәсіпорын болса, соның жаңа технологиямен жабдықталған бірегейі осы зауыт болып табылады. Қазіргі таңда зауыт республикамыздағы сұраныстың 15 пайызын қамтып отыр», ‒ деді.
Бұл жобаға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетілген. Кәсіпорын швейцариялық «Emhart» компаниясының жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Зауыт шыны массасын дайындауға арналған компоненттердің кейбір түрлерін (доломит, әктас) және қылтасы бар шыны бұйымдардың барлық түрін шығара алады.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: ontustik.gov.kz.
Фото: ontustik.gov.kz.

Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Кеше
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Кеше