Астана әкімдігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының балансында екі субұрқақ нысаны бар: Республика даңғылы, 34 мекенжайында («Жастар» сарайы) бойынша – 3 және Республика даңғылы бойынша – 6 («Есіл» СҮ) – 1 бірлік. Биыл аудан әкімдігі оларды реконструкциялауды жоспарлап отырған жоқ.
Сарыарқа ауданында 10 субұрқақ бар: «Өмір ағашы», «Сирен», Абай/Желтоқсан фонтаны, «Ақжайық», «Атырау», «Жастар театры», Мәскеу көшесіндегі сквердегі субұрқақ, «Айналмалы шар», «Әлия Молдағұлова ескерткіші».
Алматы ауданында субұрқақтар іске қосылып, реконсервация жүргізілуде. Аудан әкімдігінің балансында 10 субұрқақ пен субұрқақ кешені бар:
- Президенттік саябақ;
- «Қазақ Елі» алаңы;
- «Әзірет Сұлтан» мешіті;
- Тәуелсіздік сарайы;
- Бейбітшілік және келісім сарайы;
- Б.Момышұлы атындағы саябақ;
- Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы;
- Отан қорғаушылар алаңы;
- «Студенттік» саябақ;
- Абылай хан даңғылы бойындағы желекжол.
Субұрқақтар саны бойынша абсолютті рекордшы Есіл және Нұра аудандары болып саналады.
Барлығы 27 субұрқақ кешені бар, оған 48 субұрқақ кіреді.