Әңгімелесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы қазақстандық-швед өзара іс-қимылының жай-күйі мен даму бағыттарын, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі бірқатар мәселені талқылады.
Қазақстан елшісі швед әріптесіне еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасы туралы айтып, осы секторды дамытудың басым бағыттарын, сондай-ақ саланының мемлекеттік қолдау шаралары және қазақстандық ауыл шаруашылығының инвестициялық тартымдылығы туралы ақпаратпен бөлісті. Тараптар жер және су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру, өтім нарықтарының қолжетімділігі, сондай-ақ экспорт пен аграрлық ғылымды дамыту, технологиялар трансферті мәселелері жайында пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қатынастарды сапалы жаңа деңгейге шығару мақсатында тығыз өзара іс-қимыл жасауға келісіп, сондай-ақ өзара екіжақты іссапарларды жүзеге асыруға уағдаласты.