АСТАНА. 10 шілде. Президент әкімшілігі келісімімен және Шығыс Қазақстан өңірінің басшысы Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Қалиқан Байғонысов Қатонқарағай ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы altaynews.kz хабарлады.
Қ.Байғонысов 1959 жылы 10 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Печи ауылында туған. Еңбек жолын Қатонқарағай ауданы Коробиха ауылында қарапайым жұмысшы, тракторшы болып бастаған.
1984 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын инженер-механик, 2003 жылы Заманауи гуманитарлық институтын заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
1984-1996 жылдар аралығында Қатонқарағай ауданындағы бірқатар кеңшарда, аудандық әкімшілікте басшылық қызметтер атқарған.
1998 жылы Қотанқарағай ауданы Беловское ауылдық округінің әкімі, 2001 жылы «Үш-Бұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 2004 жылы «Мал өнімдері» корпорациясының облыстағы өкілі, 2007-2011 жылдар аралығында Қатонқарағай ауданы әкімінің орынбасары, 2011 жылы Бесқарағай ауданының әкімі болды.
2013 жылдың 1 шілдесінен осы тағайындауға дейін Шығыс Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: altaynews.kz.
Фото: aikyn.kz.
• 10 Шілде, 2014
Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданына жаңа әкім тағайындалды

Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Кеше
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Кеше