Қоғам • 28 Сәуір, 2023

Түркістаннан Абу-Дабиге тікелей әуе рейсі ашылады

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Түркістан қаласынан Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиге тікелей әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz  қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Түркістаннан Абу-Дабиге тікелей әуе рейсі ашылады

«Wizz Air» авиакомпаниясы «Түркістан – Абу-Даби» әуе бағыты бойынша рейстерді 2023 жылдың қазан айынан бастауды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет жиілікпен заманауи А-321 ұшақтарымен орындалатын болады.

Еске салайық, FlyArystan әуе компаниясы 3 шілдеден бастап «Астана – Ташкент» рейсін іске қосады.