Президент • 29 Сәуір, 2023

Мемлекет басшысы қалалық сенбілікке қатысты

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Желілік саябақта «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы қалалық сенбілікке қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысып, елордадағы Желілік саябақта ағаш отырғызды.

Мемлекет басшысы сенбілік барысында волонтерлермен және студенттермен әңгімелесті.

– Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан үйімізді таза ұстауымыз керек. Ағаш отырғызып, көшелерді тазалауымыз керек. Бұл – біздің азаматтық борышымыз. Бізде басқа ел жоқ. Сондықтан бәріңді жауапкершілігі мол азамат болуға шақырамын. Баршаңызға, әсіресе, еріктілерге алғыс айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

л

Сенбілікке қатысқандар 2 түп қарағай және 39 түп жөке көшетін екті.