Әлем • 30 Сәуір, 2023

Техаста белгісіз біреу тұрғындарға оқ атты

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Техаста қарулы азамат тұрғындарға оқ жаудырып, бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz BBС-ге сілтеме жасап.

Техаста белгісіз біреу тұрғындарға оқ атты

Фото: Reuters

Қайғылы оқиға жұма күні кешке Хьюстоннан солтүстік-шығысқа қарай 70 шақырым жерде орналасқан Кливленд шағын қаласында болды.

Жергілікті шерифтің айтуынша, қазір полиция жартылай автоматты мылтықпен қаруланған күдіктіні іздестіріп жатыр.

Белгілі болғандай, ол масаң күйде болған. Тұрғындар одан атысты тоқтатуды талап еткенде ол оларға оқ жаудыра бастаған. Үйде барлығы 10 адам болған. Зардап шеккендердің барлығы гондурастықтар екені анықталды. Атыс кезінде бес адам қаза тапты, оның ішінде сегіз жастағы бала бар.

Сондай-ақ екі әйел өзге балаларды денесімен жауып, құтқарып қалған.