11 Шілде, 2014

Өзара іс-қимыл мен қауіпсіздік – ортақ басымдық

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Ахметов АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвеймен кездесті, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі.

Тараптар әскери және әскери-техника­лық өзара іс-қимыл саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы және келе­шектегі мәселелері бойынша пікір алмас­ты. «Қауіпсіздікті, бейбітшілік пен тұрақ­тылықты қамтамасыз ету саласындағы ынты­мақтастық, – деді С.Ахметов, – екіжақты қарым-қатынастың басым бағыттарының бірі болып табылады».

Тараптар қазақстандық әскери қыз­метшілердің бітімгершілік әлеуетін, әскери білім беру мен арнайы дайындығын дамыту­ға ықпал ететін Әскери ынтымақтастықтың бес жылдық жоспарын жүзеге асыру аясында­ғы өзара іс-қимылдың табыстылығын атап өтті. Дж.Ордвейдің пікірінше, қорғаныс саласындағы өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін үлкен әлеует пен перспективалар бар. Ал бұл өз кезегінде, өзара мүдделестік танытылып отырған уағдаластықтар мен жобаларды табысты жүзеге асыруға жағдай туғызады.