03 Маусым, 2010

Спартакиададан сынға түсті

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29-30 мамыр күндері Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Президент Н.Назарбаевтың биылғы халыққа Жолдауын іске асыру мақсатында министрліктер мен ведомстволарда қызмет ететін мемлекеттік қызметкерлер арасында спорттың үш түрінен спартакиада өтті. Саламатты өмір салты мен спортты серік еткен мемлекеттік қызметкерлер екі күн бойы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда шағын футболдан, “Астана” спорт кешенінде волейбол мен “Жеті қазына” кешенінде бильярдтан жарысқа түсті. Сөйтіп, оның қорытындысында шағын футболдан бірінші орынды Парламент Мәжілісінің аппараты, екінші орынды Білім және ғылым министрлігі, үшінші орынды Қорғаныс министрлігі жеңіп алса, волейбол бәсекесінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамасына тең келер ешкім болмады. Ал спорттың осы түрінен командасын қосқан Бас Прокуратура қызметкерлері екінші орынды иеленсе, Ішкі істер министрлігінің өкілдері үшінші орынды қанағат тұтты. Сол сияқты бильярдтан өткен жарыста ІІМ-нің командасы құрмет тұғырының үшінші сатысынан көрінсе, Көлік және коммуникациялар министрлігінің қызметкерлері екінші, ал Президент Әкімшілігінің командасы бас жүлдені жеңіп алды. Дастан КЕНЖАЛИН.
Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жыл күткен жеңіс

Спорт • Бүгін, 11:30

Көңілден шыққан көрікті жер

Табиғат • Бүгін, 11:20

Дәрігерлер шыңы

Алматы • Бүгін, 11:10

Тау туризмі дамып келеді

Туризм • Бүгін, 11:05

Дулати дүниетанымы

Руханият • Бүгін, 10:55