Қаржы • 01 Мамыр, 2023

Бюджеттің салық түсімі – 5,7 трлн теңге

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бюджеттің салық түсімі – 5,7 трлн теңге

2023 жылғы 1 тоқсанда шоғырлан­дырылған бюджет (Мемлекеттік бюд­жет+Ұлттық қор) салық түсімі бойынша 5 667,3 млрд теңге, өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,4% немесе 998,0 млрд теңгеге өсті. Оның ішінде:

– Республикалық бюджетке 3 176,7 млрд  теңге түсті, өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23,2% немесе 599,1 млрд  теңгеге өсті.

– Жергілікті бюджетке 1 293,6 млрд теңге түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңімен салыс­тыр­ғанда 24,2% немесе 252,0 млрд теңгеге өсті.

– Ұлттық қорға 1 197,1 млрд теңге түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14,0% немесе 146,9 млрд теңгеге өсті.

2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыс­тырғанда республикалық бюджетке түсімнің үшінші ел­дерден импортқа ҚҚС бойынша 2 есе, іш­кі өн­діріс тауарларына ҚҚС 21,2%-ға, кор­по­ративті та­быс салығы 20,7%-ға және ЕАЭО елдерінен им­портқа ҚҚС 2,0%-ға өсуі байқалады.

Түсімнің өсуіне келесі факторлар әсер етті.

2023 жылы 1 тоқсанда былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда алтынға 0,8% бағаның өсуі байқалады.

Үшінші елдермен тауар айналымы 2023 жылғы 1 тоқсанда 13,9%-ға өсті (экспорт 6,7%-ға төмендеді, импорт 1,8 есе өсті).

Сондай-ақ ЭШФ тауар айналымы 8,8 трлн теңгеге немесе 27,7%-ға өсті.