Концерт «ЖасStars» тобы мен ҚР Мемлекеттік еңбек сіңірген «Салтанат» би ансамблі орындаған «Қазақстан - достық бесігі» вокалдық-би композициясымен ашылды, көрермендер үшін қазақстандық және шетелдік әртістер өнер көрсетті.
Өз композицияларын халықаралық байқаулардың лауреаттары Зарина Хасаншина, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Башқұртстан халық әртісі Жеңісбек Пиязов және Беларусь Республикасының еңбек сіңірген әртісі Жанет Бутерус орындады. Сахнада кәріс, кавказ, түрік, ұйғыр, поляк және басқа да ұлттық билер орындалды.
Абай алаңында Қазақстан халықтарының тағам фестивалі өтті, онда 15 мейрамхана қазақ, кәріс, грузин, орыс, ұйғыр және үндінің ұлттық тағамдарын ұсынды.
Мерекелік іс-шаралар Жібек Жолы, Панфилов көшелерінде және Ғылым Академиясы ғимаратының алдындағы Ш.Уәлиханов атындағы скверде «Алматы Әуендері» әртістері мен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, музыкалық топтардың қатысуымен өтті.
Мерекелік бағдарлама Абай алаңында «Достық әні» концертімен жалғасады. Сахнада Айқын Төлепберген, Qanay, Әйгерім Қалаубаева, Артур Давлетьяров, Ayree және КeшYou тобы өнер көрсетеді. Мерекелік концерт сағат 22:00-ге дейін болады.
Айта кетейік, мерекелік концерттер қаланың барлық ауданында ұйымдастырылған.