Сенат • 02 Мамыр, 2023

Сенатта ЕАЭО аясындағы кепілгерлікті дамыту туралы келісім талқыланды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары «Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сенатта ЕАЭО аясындағы кепілгерлікті дамыту туралы келісім талқыланды

Келісімді ратификациялау кедендік транзит кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуді орындаудың неғұрлым тартымды жүйесін құруға бағытталған. Атап айтқанда, келісім кедендік төлемдерді төлеу міндетін орындалуын қамтамасыз етуде жұмыс тәжірибесі бар негізгі декларанттарға, сондай-ақ келісімге сәйкес ұлттық кепілгер деп танылған кепілгерлерге оңайлатылған жүйені қолдану мүмкіндігін көздейді.

Құжат ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуға ықпал етеді, транзиттік тасымалдарды жасау кезінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың шығындарын азайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ бизнеске «кепілгерлік» институтын дамытуға және қалыптастыруға қатысуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде тасымалдаушылар үшін жағдайды жақсартатын болады.