Экономика • 02 Мамыр, 2023

Қазақстанда күнбағыс майы арзандады

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің бүгінгі отырысында Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин отандық нарықтағы бағаны тұрақтандыру тетіктеріне тоқталып, биыл тарифтік/тарифтік емес реттеудің уақтылы шаралары оң нәтиже бергендігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда күнбағыс майы арзандады

Министрдің айтуынша, күнбағыс тұқымына кедендік баж салығын енгізу арқылы өндірушілерде күнбағыс майының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік туды. Қазіргі уақытта өңдеу кәсіпорындарында және сауда орындарында күнбағыс майы бағасының төмендеу динамикасы байқалып отыр. 

«Пияз бағасын мысал ретінде алуға болады. Еске салсақ, пияздың агрессивті экспортын болдырмау үшін 3 айға экспортқа тыйым салынған, кейінен бұл тыйым квотаға ауыстырылды. Бұл шара халықты пиязбен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді және алдыңғы жылдардағы қырыққабат пен картоп сияқты көкөністің қымбаттап кетуіне жол бермеді», деді министр.

Ведомство басшысы атап өткендей, қазіргі уақытта 2024 жылдың маусымаралық кезеңін қамтамасыз ету үшін биылғы күзгі егінге байланысты келісімшарттар жасалып жатыр. Қазірдің өзінде 90 мың тоннаға жуық өнім жиналған.

«Жергілікті атқарушы органдар келесі жылдың маусымаралық кезеңіндегі келісімшарттарды жасауды жылдамдатуы керек», деп түйіндеді Серік Жұманғарин.