Қоғам • 02 Мамыр, 2023

17-қабаттың терезесін жуған елорда тұрғыны жұрттың жағасын ұстатты

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желіде 17-қабаттың терезесін сақтандырусыз жуған елорда тұрғынының видеосы тарады. Қауіпсіздік шараларын сақтамаған әйел адам көпшіліктің үрейін ұшырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

17-қабаттың терезесін жуған елорда тұрғыны жұрттың жағасын ұстатты

Қауіпсіздік талаптарын сақтамаған келіншектің бұл әрекетіне таңғалған желі қолданушылары «өмір тазалықтан артық» деп, жағаларын ұстады. Тіпті, «енесі келе жатқан шығар» деп әзілдеп жазғандары да болды.

Астана ТЖД өкілдері де бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. 

«Жыл басынан бері елордада үш бала терезеден құлаған. Осыған ұқсас жағдайлар  қауіпсіздік шараларын елемегендіктен болады. Қауіпсіздік талаптарын ересектер де сақтауы тиіс», делінген хабарламада.