Енді автокөлік иелері бұдан былай құжаттарын өзімен бірге алып жүруге міндетті емес. Себебі құжаттардың цифрлық аналогтары пайда болды. Бұл көлік жүргізушілері үшін өте тиімді. Құжаттың мерзімі өтуіне шақ қалғанда жүргізушіге арнайы смс келеді. Азаматтар құжатын уақытылы ауыстыра алады.
Айта кету керек, бұрын жыл сайын ХҚКО-ға қолданылу мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәліктерін ауыстыру үшін 400 мыңға жуық азамат жүгінетін.
«Енді жүргізуші куәлігін онлайн режимде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы ауыстыруға болады. Жүргізуші куәлігін жаңарту үшін осындай қосымшалардың біріне кіріп, биометриялық тексеруден өтіп, өз смартфоныңызға суретке түсу жеткілікті. Өтінім ІІМ дерекқорында өңделгеннен кейін жаңа жүргізуші куәлігі 10-15 минут ішінде автоматты түрде шығарылады. Азамат ХҚКО-дан жаңа құжатты өзіне ыңғайлы кез келген уақытта ала алады, ал автокөлікті смартфондағы цифрлық жүргізуші куәлігі нұсқасы бойынша бірден басқара беруіне болады», делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.