04 Маусым, 2010

КЕЙКІ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

799 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Арқалық қаласының орталы­ғын­да 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіндегі ірі тұлғалардың бірі – Кейкі батырға ескерткіш ор­на­тылды. Ескерткіштің өзін жер­гі­лікті мүсінші Әбілбек Ұзақов өткен жылы дайындап қойған болатын. Оның тас-тұғыры “Қазақстан алю­миний” акционерлік қоғамы Тор­ғай боксит кен басқармасының ди­ректоры Виктор Родиннің демеу­шілігімен жасалды. Арқалық өңіріндегі Елена Цвен­­тух басқаратын “Жас ұлан” балалар ұйымы екі жыл бойы “Ауылым – алтын бесігім” жобасы бойынша ауқымды тарихи-мәдени зерттеу жұмысын жүргізіп келеді. Осы жоба шеңберінде жасұлан­дықтар Кейкі батыр туған жері-елі үшін соғысқан, қан төккен жер­лерде болып қайтты. Жиналған ма­те­риалдар негізінде Елена Цвен­тухтың жетекшілігімен Кейкі ба­тырдың есімін мәңгі есте қалдыру ісі басталып кетті. Үкіметтік емес ұй­ым жетекшісінің бастамасын Виктор Павлович қолдап, игілікті іс жүзеге асты. Қолына ши мылтық ұстаған мерген баба тас-тұғырдың үстінен алысқа қарап отыр. Мүсінші Әбіл­бек Ұзақов сомдаған халық баты­ры­ның тас кейпінен халқымыз тәу­ел­сіздік үшін бастан кешкен сұр­ғылт күндер елестегендей болады. Мүсінші бұған дейін Торғай өңі­рінде халық тарихынан сыр шертетін бірнеше туынды жасаған болатын. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. АРҚАЛЫҚ.