Энергетика министрлігінің мәліметінше, 47 энергия өндіруші ұйымның 27-сі шекті тарифтерді түзетуге өтінім берген. 20 энергия өндіруші ұйым үшін тариф бұрынғы деңгейде сақталатын болады.
Бағаның қымбаттауына жөндеу жұмыстарына қажет материалдар мен жабдықтар құнының өсуі себеп болып отыр.
Еліміздегі энергия өндіруші ұйымдарының генерациялаушы қуаттарының жартысынан көбінің тозығы жеткен. Тіпті кейбіреуі істен шығып қалудың аз-ақ алдында тұр. Мәселен, Степногор ЖЭО-ның тозу деңгейі - 82 пайыз, Риддер ЖЭО - 75 пайыз, Орал ЖЭО - 86 пайыз. 90 пайызға дейін тозып кеткен ЖЭО-лар да бар.
Сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы шеңберінде станция қызметкерлерінің жалақысының деңгейін тиісті өңірлер бойынша орташа деңгейге дейін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Шекті тариф жобасында өндірістік персонал жалақысының ұлғаюы да ескеріледі. Бұл энергетикалық кәсіпорындардан экономиканың аралас салаларына жоғары білікті мамандардың кетуін тоқтатуға бағытталған.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерін арттырудың халықтың әлеуметтік әл-ауқатына әсеріне талдау жүргізіп жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, электр энергиясы тарифі өткен жылы да 1 шілдеден бастап қымбаттаған еді.
Сол бойынша қазіргі тариф құны мынадай: