Антикордың мәліметінше, ол прокуратура қызметкеріне казиноның қаржылық қызметін тексеру нәтижелерін оң шешіп бергені үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара берген.
«Сотталған мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», делінген хабарламада.