Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров Астанадағы «Жастар театрының» директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бұған дейін бұл қызметті актер Әділ Ахметов атқарған еді.
Досымжан Таңатаров 1975 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген. «Мәдениет қайраткері», «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері».
Ол 2000 жылдан бастап ҚР Республикалық гвардиясында, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі ансамблінің солисті, Президент оркестрі жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2021 жылдан бастап «Жастар театры» директорының орынбасары болып қызмет етті.
Егемен Қазақстан • Кеше
Тарихи атшабарды қайта ашқан азамат
Тұлға • Кеше
Әділдің өнері жоғары бағаланды
Хоккей • Кеше
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар